Басты / Жаңалықтар / Пиксельдер қадамы жақын жарықдиодтар танымалдылығының күрт артуы

Пиксельдер қадамы жақын жарықдиодтар танымалдылығының күрт артуы

Дата публикации: 11.07.2018
ПҚЖ (Пиксельдер қадамы жақын) жарықдиодты өнімдердің жылдам дамуы жарықдиодты индустрияның 2015 жылдан бастап қарқынды дамуына әкеп соқты. Олардың танымалдылығының екі басым факторы бар: озық технологиялар арқасында өнім өнімділігін арттыру  және шығындардың қысқаруы салдарынан бағаларының түзетілуі. Біріншісіне ПҚЖ жарықтығы, түстері және сенімділігі жатса, екіншісіне – бағалардың жыл сайын 10% бастап, 20% дейін төмендеуі жатады.

ПҚЖ үшін шексіз ауқымды әлеуетті нарық бар. Осы сектордағы ПҚЖ дамуы жайында не дей аламыз? Салалық көздерден біліп отырғанымыздай, ПҚЖ нарыққа ену деңгейі кәсіпқой қолданыста бүгінгі таңда 20% құрап, келесі үш жыл барысында жарықдиодтар нарығындағы дамудың жылына 50% астам қарқынын қолдауда. Ол ол ма, фильмнің, жарнаманың, спорт пен көңіл көтерудің кейбір инновациялық режимдері әлі де ПҚЖ бағытталған үрдістердің дамуына септігін әлі тигізе бермек.

Барлығымыз білетіндей, Қытай әлемнің ең ірі жарықдиодты өндірістік базасы болып табылады және жарықдиодты дисплейлердің әлемдік индустриясында басым орынға ие. Танымал жарықдиодты компания, жарықдиодты дисплейлердің сақадай сай шешімдерінің жеткізушісі ретінде Unilumin Group осы бағытта болашақта да көшбасшы болады деп күтілуде.

Жарық диодты экранның параметрлерін есептеу

м
м










Кері қоңырауға тапсырыс беру

Контакты

ТОО LEDS PROMOTION – Алматы қаласындағы жарықдиодты экрандар

Телефоны:
+7 (727) 392-18-15
+7 (727) 392-14-15
+7 (701) 771 85 50

E-mail:
info@ledstandard.kz

Адрес:
050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 2-үй, 109-кеңсе

Часы работы:
Дс-Жм: сағ. 9-18, Сн., Жс. - демалыс