Басты / ЖАҢАЛЫҚТАР / 0,8 мм жарықдиодты бейнеқабырға қолданысқа енгізілуде

0,8 мм жарықдиодты бейнеқабырға қолданысқа енгізілуде

Дата публикации: 25.11.2015

25 қараша күні ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігі мен  Шеньжень үкіметінің ұйымдастыруымен Шеньженде технологиялар трансфері бойынша Оңтүстік Қытай Орталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға ғылым және технологиялар вице-министрі Цао Цзяньлинь мен Шеньжень мэрі Сюцинь қатысты.

Шеньжень оңтүстік Қытай аймағының  технологиялар мен инновациялар орталығы саналады.  Бұған қоса бұл қала – жарықдиодты экрандардың 70% астамы шығарылатын жарықдиодты экрандар индустриясының ордасы. Unilumin тігіссіз 0,8 мм бейнеқабырғасы мен арнайы көзілдірікті қажет етпейтін 144 дюймдік жарықдиодты супертеледидар жарықдиодты индустриядағы ең озық технология саналады. Сол себепті технологиялар  трансферімен айналысатын Оңтүстік Қытай Орталығы Unilumin бұйымдарын бүкіл әлемге паш етуді  ұйғарды.

Тығыздығы аса жоғары Unilumin UTV жарықдиодты экрандардың топтамасына қалыңдығы 0,8 мм,1,0 мм, 1,2 мм, 1,4 мм бастап, 1,6 мм, 1,9 мм және 2,5 мм дейінгі бұйымдар кіреді. Жүйе әзірлеушілерге не болмаса интеграторларға орын-жайдың көлеміне, арнауына және  бюджетіне сай бірнеше нұсқа ұсынылатын болады.  Қазіргі таңда әлемдегі тығыздығы ең жоғары экран саналатын 0,8 мм жарықдиодты экран жаппай өндіріске қосылып жатыр. Ал бұл болса, бүкіл жарықдиодты индустрия саласы үшін жаңа кезең  басталатынын  білдіреді.

«0,8 мм жаппай өндіріске шығарылуы – шын мәнісінде аса жауапты іс. Өйткені әңгіме өндіріс жайлы болған уақытта біздің барлық сапа стандарттарымыз қайта қаралып, бүкіл өндіріс процестері жіті қадағалану қажет. Осы міндетті орындау үшін бізге 2 жыл уақыт пен 118 зерттеушінің еңбегі қажет болды. Нәтижесінде біз алға қойылған мақсатымызға жетіп, жаңа өнімдерімізді өмірге әкелдік» - деп бөлісті Unilumin компаниясының зерттеушілер тобы.

Арнайы көзілдірікті қажет етпейтін жарықдиодты үш өлшемді супертеледидар – бұл арнайы көзілдірікті қажет етпейтін заманауи 3D технологиясы мен тығыздығы аса жоғары жарықдиодты экран технологиясын мақтан тұтатын Unilumin тағы бір жаһандық бастамасы.  Үш өлшемді визуализация, шынайы бейне келушілердің ықыласына бөленіп, қызығушылығын оятты. Ал 144-дюймдік жарықдиодты супертеледидарды тамашалағандардың барлығы дерлік таңырқап, таңдай қақты.

 

«Шеньжень – өмір қайнап тұрған шаһар. «Шеньженде жасалған» өткеннің еншісіне қалдырылып барады. Өйткені біз «Шеньженде әзірленген» дәуіріне кіріп келе жатырмыз. Үкімет Шеньжень кәсіпорындарын әлемдік нарықтағы инновациялар мен көшбасшылыққа ынталандыратын болады», - дейді Шеньжень қаласының мэрі Сюцин мырза.

 

Unilumin турасында

Unilumin – әлемнің 100 астам мемлекеті мен аймақтарындағы серіктестеріне пайдалануға дайын жарықдиодты экрандар мен жарық шешімдерін ұсынатын жарықдиоты экрандарды шығаратын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі. Техникалық бағдар алған Unilumin компаниясы тығыздығы аса жоғары 0,8 мм жиексіз жарықдиодты қабырға мен арнайы көзілдірікті қажет етпейтін  жарықдиодты үш өлшемді жүйені жасап шығарды. АҚШ, Қытай елдерінде ашылған филиалдары,  Нидерланд пен Гонконгта кеңселері бар Unilumin компаниясының жаһандық сату және қызмет көрсету желісі бар. Компания жайлы толығырақ білгіңіз келсе, www.unilumin.com сайтын қараңыздар.

Жарық диодты экранның параметрлерін есептеу

м
м










Кері қоңырауға тапсырыс беру

Контакты

ТОО LEDS PROMOTION – Алматы қаласындағы жарықдиодты экрандар

Телефоны:
+7 (727) 392-18-15
+7 (727) 392-14-15
+7 (701) 771 85 50

E-mail:
info@ledstandard.kz

Адрес:
050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 2-үй, 109-кеңсе

Часы работы:
Дс-Жм: сағ. 9-18, Сн., Жс. - демалыс